МАҚТААРАЛДА 58 ЖЫЛ ОТАСҚАН ЖҰБАЙЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумға Мақтаарал ауданының тұрғындары белсенді қатысуда.
Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Атамұра ауылында орналасқан №391 референдум учаскесіне 58 жыл отасқан ардагер ұстаздар – Боранбай Тағабаев пен жұбайы Дүйсенкүл Тіленшиева келіп, дауыс берді.
Ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек еткен Боранбай Тағабаев пен Дүйсенкүл Тіленшиева саналы ғұмырларын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі ұстаздар. Қос ардагер елдегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділіктерін танытып, референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Өмір жолында бір-біріне серік болып, 58 жыл бойы шаңырақтарын шайқалтпай келе жатқан өнегелі отбасы бүгінде үлкен әулетке айналған. Олар 5 перзент тәрбиелеп өсіріп, бүгінде 23 немере, 15 шөбере сүйіп отыр.
Ардагер ұстаздардың айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын мұндай саяси науқандарға қатысу – әр азаматтың парызы. Сондықтан, олар бүгінгі референдумға арнайы келіп, өз таңдауларын жасаған.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1181384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді