МАҚТААРАЛДА 90 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ УЧАСКЕГЕ КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде орналасқан №426 референдум учаскесіне 90 жастағы қария Бекбулатов Басымбек арнайы келіп, өз дауысын берді.
Қарияның бұл қадамы – ел болашағына деген жанашырлықтың және азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Жасы тоқсанға келсе де, маңызды саяси науқаннан шет қалмай, учаскеге арнайы келіп дауыс беруі – жас ұрпаққа үлкен үлгі.
Аға буын өкілдерінің осындай белсенділігі қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың, ел тағдырына деген ортақ жауапкершіліктің белгісі екені сөзсіз. Бүгінгі референдумда аудан тұрғындары жоғары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
Еліміздің болашағы әрбір азаматтың саналы таңдауына байланысты. Осындай жарқын сәттер халықтың бірлігі мен ел ертеңіне деген сенімін нығайта түседі.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1181366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді