МАҚТААРАЛДА БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРГЕНДЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР ҮЛЕСТІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 15 наурыз күні елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдум аясында Мақтаарал ауданындағы сайлау учаскелерінде белсенділік жоғары байқалуда.
Таңғы сағат 07:00-ден бастап тұрғындар дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатыр.
Аудандағы бірқатар учаскелерде алғашқылардың қатарында келіп, дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл бастама тұрғындардың референдумға деген қызығушылығын арттырып, азаматтық белсенділікті көтеруге бағытталған.
Сайлау учаскелеріне ерте келген тұрғындар өздерінің ел болашағына бейжай қарамайтынын айтып, маңызды саяси науқанға қатысу әр азаматтың парызы екенін жеткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көтермелеу шаралары тұрғындарды дауыс беруге ынталандырып, қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1181365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді