Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев референдумда өз таңдауын жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасына арналған республикалық референдум өтуде. Аталған маңызды саяси науқанға Мойынқұм ауданының тұрғындары белсенді қатысуда.

Бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев та өз сайлау учаскесіне келіп, референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Аудан басшысы бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Аудан аумағындағы барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Дауыс беру үдерісі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауларын жасауына барлық жағдайлар жасалған.

Референдум – халықтың өз пікірін білдіретін маңызды демократиялық институттардың бірі. Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруі елдің дамуына қосқан үлесі болып табылады.

Мойынқұм ауданының тұрғындары да бүгінгі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1181386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді