Мүгедектігі бар адамдарды  оңалту құралдарымен (гигиеналық құралдармен) қамтамасыз ету әлеуметтік қолдаудың маңызды шарасы болып табылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүгедектігі бар адамдарды  оңалту құралдарымен (гигиеналық құралдармен) қамтамасыз ету әлеуметтік қолдаудың маңызды шарасы болып табылады

 

Солтүстік Қазақстан облысы  Ғабит Мүсірепов  атындағы ауданда мүгедектігі бар адамдарға  жүйелі әлеуметтік қолдау шаралары жүргізілуде. Бұл жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – азаматтарды үнемі күтімді қажет ететін мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті гигиеналық құралдарды (жөргектер) қоса алғанда, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету.

Гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады және мүгедектігі бар адамдардың  өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ оларға қамқорлық жасайтын отбасыларды қолдауға бағытталған.

Гигиеналық құралдар (жөргектер) Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қолжетімді. Бұл жүйе азаматтарға техникалық оңалту жабдықтарын жеткізушіні өз бетінше таңдауға, тапсырыс беруге және қызмет көрсету процесін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл қажетті көмектің ашықтығын, ыңғайлылығын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасында (АЖОБ) көрсетілген тиісті медициналық көрсеткіштері болған жағдайда гигиеналық құралдарды (жөргектер) алуға құқығы бар. Бұл құжат медициналық-әлеуметтік бағалау негізінде беріледі және қажетті техникалық оңалту құралдарының тізімін анықтайды.

Гигиеналық құралдар (жөргектер) мемлекет белгілеген шекте тегін беріледі. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бергеннен кейін таңдалған жеткізуші оңалту жабдықтарын алушыға жеткізеді.

Бұл әлеуметтік қолдау шарасы мүгедек жандар үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасауда маңызды рөл атқарады. Гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету мүгедектігі бар адамдардың күнделікті күтімін жеңілдетеді, олардың қадір-қасиетін сақтауға көмектеседі және өмір сүру сапасын жақсартады.

Кез келген сұрақтар бойынша азаматтар «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ (тел. 22-1-11) хабарласа алады, онда мамандар қажетті кеңес береді және әлеуметтік қызметтерді алу тәртібін түсіндіреді.

 

Бөлім басшысы                                                         Б. Әмрина

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/1180211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді