
Наурыз мейрамының әр күні игі іске толы! Бүгін «Қайырымдылық күні» аясында аудандық жастар орталығының белсенділері мен аудандық аурухананың ақ халатты абзал жандары бірлесіп, үлкен сауапты іске мұрындық болды.
Игі іс аясында дәрігерлер мен медбикелер қариялар мен мұқтаж жандардың үйіне барып, медициналық тексеру жүргізді. Қан қысымын өлшеп, денсаулыққа қатысты маңызды кеңестер берді.
Бұл шараның мақсаты — мереке қарсаңында ешкімді назардан тыс қалдырмай, әр шаңыраққа жылулық ұялату.
Денсаулық — басты байлық, ал қамқорлық — адамдықтың белгісі.
Берекелі Наурыз әр үйге амандық әкелсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181481?lang=kk

Жауап қалдыру