Педагог еңбегіне – жоғары құрмет

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Біздің облысымыздан екі білім саласының өкілі жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім беру саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Чабарова Сәуле Нұрмұханқызы мен Бекмұхамбетова Күлән Мүсінқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
№24 «Күншуақ» бөбекжайының меңгерушісі Чабарова Сәуле Нұрмұханқызына марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова табыстады.
Ал облыстық арнайы «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен “мектеп-интернат-колледжі” педагогі Бекмұхамбетова Күлән Мүсінқызына марапатты Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тапсырды.
Екі ұстаз да 40 жылдан астам уақыт білім беру саласында еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ғылыми, ғылыми-әдістемелік және шығармашылық қызметпен жүйелі түрде айналысып, саланың дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Әріптестерімізді жоғары мемлекеттік марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1179362?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді