
Кентау қаласы әкімдігінде Ашық есік күні ұйымдастырылып, шара аясында мектеп бітіруші түлектерге мекеменің негізгі қызмет бағыттары жан-жақты таныстырылды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің қағидаттары, кәсіби даму мүмкіндіктері және жұмысқа орналасу тәртібі туралы толыққанды ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Аталған іс-шара жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және саналы мамандық таңдауына оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1179275?lang=kk

Жауап қалдыру