
Алакөл ауданына қарасты Қамысқала ауылы – негізінен балықшылықпен айналысып, ата кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан еңбекқор жандардың мекені.
Бүгін ауылдағы №63 референдум учаскесіне балықшылықпен айналысатын Ақболатовтар әулеті ұйымшылдықпен келіп, өз таңдауларын жасады. Бір әулеттен 15 адам бірге дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.
Әулеттің ең үлкені 60 жаста болса, ең жасы – 25 жастағы келіні. Яғни, бірнеше буын өкілдері бір мақсатпен келіп, азаматтық борыштарын орындады.
Бұл – тек бір әулеттің ғана емес, жалпы Қамысқала тұрғындарының бірлігі мен жауапкершілігін көрсететін ерекше көрініс. Күн сайын көлмен тілдесіп, адал еңбегімен күн көріп жүрген ауыл тұрғындары бүгін де ел болашағына бағыт беретін маңызды таңдауға белсенді қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1181498?lang=kk

Жауап қалдыру