
Қарағанды облысында қысқа мерзімді кәсіби оқыту жобасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Бағдарламаны Еңбек мобильдігі орталығы жүзеге асырып отыр және ол жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлауға бағытталған.
Оқыту білім беру ұйымдарында және жұмыс беруші кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында жүргізіледі. Таңдалған мамандық пен дайындық деңгейіне қарай курстардың ұзақтығы 3 айдан 6 айға дейін созылады. Оқу кезеңінде қатысушыларға шәкіртақы төлеу қарастырылған.
Мамандықтар тізімі өңірдегі жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер тұрақты жұмыс орындарына орналастырылады.
Жобаға қатысудың міндетті шарттарының бірі – жұмыссыз ретінде ресми тіркелу.
Қосымша ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталықтарынан, сондай-ақ 8-775-644-35-80 телефоны арқылы немесе 60-50-50 Call-орталығы арқылы алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1180213?lang=kk

Жауап қалдыру