
Қарағанды облысында Волонтерлердің халықаралық жылы аясында ұйымдастырылған волонтерлер форумының алғашқы күні өтті. Бағдарлама пленарлық және секциялық бөлімдерден тұрды.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының Қарағанды облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл іс-шара белсенді жастарды, волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларын және қоғамдық бастамалардың өкілдерін біріктірген маңызды диалог алаңына айналды.
Форум барысында қатысушылар төрт секция шеңберінде волонтерлік қозғалысты дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, экологиялық бастамалар, азаматтық жауапкершілік, инклюзивті қоғам қалыптастыру және әлеуметтік-медициналық волонтерлік тақырыптары қарастырылып, тәжірибе алмасу өтті.
Іс-шара өңірдегі волонтерлік қозғалыстың дамуына жаңа серпін беріп, белсенді жастар мен ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1180153?lang=kk

Жауап қалдыру