
Қаскелең қаласында аудандық кітапхана ғимаратында орналасқан №424 дауыс беру учаскесінде референдум кезінде ең тәртіптілік танытқандар – ақсақалдар болды.
Келгендердің қатарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Масимақынов, оның орынбасары Ауған соғысының ардагері Серік Расмұхаметов, журналистика ардагері Қанат Такебаев және басқа да қариялар бар.
Олардың айтуынша, ақсақалдар барлық істе жастарға үлгі болуы тиіс. Сондықтан ел үшін маңызды осы жауапты күні олар жақсы дәстүрді жалғастырып, азаматтық ұстанымдарын алғашқылардың бірі болып білдіруге асықты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181283?lang=kk

Жауап қалдыру