Қазақстан ТЖМ ұшқыштары санавиация рейсін орындады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында 1951 жылы туған ауыр науқас әйелге шұғыл медициналық көмек қажет болды.
Науқасты шалғай елді мекеннен тасымалдау үшін Қазақстан Республикасы ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе бөлімшесінің тікұшағы жұмылдырылды.

Тікұшақ экипажы — ұшқыштар Сергей Пинигин, Леонид Калеканов және Айдар Мамырханов, сондай-ақ санавиация дәрігерлері Айгүл Күдербаева мен Бек Асаубаевтың сүйемелдеуімен рейсті сәтті орындап, науқас әйелді облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізді.

ТЖМ тікұшақтары азаматтарға көмек көрсету кезінде жедел әрекет етуге және адам өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1181286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді