Шымкентте пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1–8 наурыз күндері Шымкент қаласында пауэрлифтингтен (классикалық жатып сығымдау) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар төмендегідей нәтижелер көрсетті.

Жасөспірімдер (классикалық жатып сығымдау):
48 кг салмақ дәрежесінде І орынды Арқалық Ерқанат 80 кг нәтижемен иеленді.
ІІ орынды Наскен Ернар 75 кг нәтижемен жеңіп алды.

53 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынды Жылқыбай Ғафур 85 кг нәтижемен иеленсе, ІІІ орынды Терентьев Тимур 90 кг нәтижемен алды.

Ересектер:
74 кг салмақ дәрежесінде Қараман Абдулкарим 201 кг нәтижемен І орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының рекордын орнатты.

Ардагерлер:
83 кг салмақ дәрежесінде Махмутов Жанат 140 кг нәтижемен ІІІ орынды иеленді.
Ал ардагерлер арасында М-4 санатында (83 кг) Оспанов Дарибай 130 кг нәтижемен І орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар экипировкамен жатып сығымдау бойынша да жарыс қорытындысы шығарылды.

Жасөспірімдер:
48 кг салмақта Арқалық Ерқанат 95 кг нәтижемен ІІ орынды иеленді.
53 кг салмақта Жылқыбай Ғафур 100 кг нәтижемен І орынды, Маскен Ернар 85 кг нәтижемен ІІІ орынды иеленді.
120 кг салмақ дәрежесінде Терентьев Тимур 110 кг нәтижемен ІІ орынды алды.

Ересектер:
66 кг салмақ дәрежесінде Сатыбалды Жанат ІІІ орынды иеленді.
74 кг салмақ дәрежесінде Қараман Абдулкарим І орынды жеңіп алды.

Ардагерлер:
83 кг салмақ дәрежесінде Махмутов Жанат ІІ орынды иеленді.
Ардагерлердің М-4 санатында (83 кг) Оспанов Дарибай І орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1179481?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді