
Сиань, 2026 жылғы 15 наурыз – Астана уақыты бойынша сағат 4.00–де (жергілікті уақытпен 7.00) Қазақстан Республикасы Сиань қаласындағы Бас консулдығы ғимаратында №510 жаңадан құрылған сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Осы өңірде тұрақты және уақытша жүрген Қазақстан Республикасының әрбір азаматына республикалық референдумда дауыс беруіне мүмкіндік жасалды.
Сайлау учаскесінде Сиань мен Чунцин қалалары, Ганьсу, Сычуань, Шэньси, Хубэй провинциялары мен Нинся-Хуэй автономиялық ауданында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына дауыс беруіне болады.
№510 сайлау учаскесінде референдумға Сиань қаласында KTZ International Logistics Co.LTD Xian Branch жұмыс жасайтын Алейбеков Олжас Мұратұлы бірінші болып дауыс берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-xian/press/news/details/1181261?lang=kk

Жауап қалдыру