
🔹 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп ұжымымен кездесу өтті 🔹
Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп ұжымымен Жаңа Конституция жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндіріліп, оның қоғам өміріне тигізер маңызы туралы кеңінен айтылды. Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, мазмұнды пікір алмасумен жалғасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1179477?lang=kk

Жауап қалдыру