Жас педагогтердің жарқын жеңісі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 9–11 наурыз күндері Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.
Білім додасы жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған байқауға Батыс Қазақстан облысынан 10 жас маман қатысып, кәсіби шеберлігі мен іс-тәжірибесін жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде өңір педагогтері олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып, облысымыздың абыройын асқақтатты.
🏆 Олимпиада қорытындысы бойынша:
🥇 І орын
• Шаденова Диана Болатбекқызы — БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының физика пәні мұғалімі;
• Кеңесова Перизат Қайсарқызы — Қаратөбе ауданы Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектебінің тәлімгері.
🥈 ІІ орын
• Гумарова Әсем Болатқызы — Шыңғырлау ауданы Ардақ мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің тәлімгері.
🥉 ІІІ орын
• Кәрім Нұрдана Әділқызы — Казталов ауданы К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі;
• Шияпов Мирас Серікжанұлы — Орал қаласы №45 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі;
• Аманбаева Асима Мирболатовна — Шыңғырлау ауданы Амангелді негізгі орта мектебінің педагог-психологі.
📜 Грамота иегерлері:
• Мугалимова Гулназ Имангазиевна — С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімі;
• Бейсова Назерке Жасбайқызы — Қаратөбе ауданы Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының логопеді;
• Мырзахметов Алмат Манарбекұлы — Ақжайық ауданы С.Ошанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі.
👏 Жас педагогтерімізді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен білімге деген адал еңбектеріңіз – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына қосылған үлкен үлес.
Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1179368?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді