
ҚР ӘҚБтК-не еңбек шарты бойынша деректерді ЕШЕАБЖ-не енгізбегені үшін әкімшілік айыппұл бойынша өзгерістер енгізілуіне байланысты, жеке кәсіпкерде жалдамалы қызметкер болмаған кезде еңбек шартын жасау міндетті ме деген сұрақ туындады.
Еңбек кодексінің 140-бабының 2-тармағына сәйкес, егер жалғыз құрылтайшы (қатысушы, акционер) заңды тұлғаның жалғыз атқарушы органы болып табылса, онда еңбек шарты жасалмайды. Еңбек қатынастары жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісімен ресімделеді, онда еңбек функциясы, еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі, жұмыс басталған күні, жұмысты орындау орны, сондай-ақ еңбекке ақы төлеудің мөлшері мен өзге де шарттары болуға тиіс.
Егер де заңды тұлға болып құрылмаса да бизнесті жүзеге асыратын, белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкердің жалдамалы жұмысшысы болмаса, онда ҚР ЕК 140-бабының 2-тармағына сай еңбек шартын жасауы міндетті емес, бірақ жасауға да рұқсат етіледі. Бұл ретте еңбек қатынастары Кодекстің 34-бабына сәйкес, осы Кодекстің 21-бабының 3-тармағының ерекшелігін ескере отырып, жеке кәсіпкердің актісімен (бұйрықтар, өкімдер) ресімделеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1180113?lang=kk

Жауап қалдыру