Жұмыс берушілер және кәсіподақ мүшелерімен өткен мәжіліс.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Мемлекеттіки еңбек инспкциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалында жұмыс берушілері және кәсіподақ мүшелерімен мәжіліс  ұйымдастырылды.

      Мәжіліске білім саласы жұмыс берушілері және кәсіподақ мүшелері қатысып, қоғамдағы кәсіподақтың орны мен мақсаты, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме берілді.

       Мәжілісте негізінен еңбек шарттарына тіркеудің біріңғай жүйесіне (ЕШТБЖ) енгізу және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңы басымдықпен түсіндірілді.  

       Мәжілісте, Департамент басшысының орынбасары-мемлекеттік еңбек инспекторы С.Алиманов еңбек шарттарын түзу, оларды есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жұмыс берушінің міндеті екеніне тоқталып, еңбек заңнамаларын кеңінен түсіндіріп өтті.

      Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті. 

     Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2026 жылдың 12-наурызынан бастап еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу бұзушылығы –

      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.”

      Сонымен қатар, мәжілісте, мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Бектай «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 8-бабы 2-тармағының 1-1)-тармақшасында сақтанушы, яғни жұмыс беруші өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті екендігі белгіленген, атап өтті.

      Өз кезегінде, сақтандыру шарттарын жасамаған жұмыс берушілерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілік қаралған, деп атап өтіп.

#Qurmet

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1180177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді