🚘СҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әсет Жұматаев жұмыс сапарымен Шал ақын ауданына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📊Сапар барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жұмыс кеңесі өткізіліп, онда 2025 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды.
📚Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету тапсырылды.
💉Халықты профилактикалық егумен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. Вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы екпе алу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
✍️Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі еске салынды.
🚘 Сонымен қатар мемлекеттік органның автокөлігі мен мүлкі тек қызметтік мақсатта пайдаланылуы тиіс екені атап өтілді.
👨🏻‍💻👩🏻‍💻Кеңес соңында мемлекеттік қызметшілер диалог форматында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1182372?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді