
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жарма ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Шаухат Хайбулин, Шар қаласы Әуезов кентінде тексеру мақсатында жеңіл автокөлікті тоқтады. Жүргізушімен сөйлесу барысында оның әрекеттері мен өзін ұстауы полиция қызметкері үшін күмәнді көрінеді. Жүргізуші өзінің алкоголь өнімін тұтынбағанын айтқанымен, іс-әрекеттері басқаша көрініс тапты.
Медициналық куәландыру нәтижесінде көлік жүргізушісі жеңіл алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Бұл жағдай жолдағы басқа қатысушылар үшін қауіп төндіруі мүмкін еді.
Абай облысы Полиция департаменті ескертеді. Масаң күйде көлік жүргізу-өзіңнің ғана емес өзгенің де өміріне қауіп болып есептеледі. Осы құқық бұзушылыққа байланысты:
Көлік жүргізу құқығынан 7 жыл мерзімге айыру,
Арнайы қабылдау орнына 15 тәулікке қамау,
Көлікті арнайы айыптұраққа қою сияқты шаралар қарастырылған.
Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды мас күйде көлік басқарудан аулақ болуға шақырады. Жол жүру қағидаларын сақтау және алкоголь қабылдағаннан кейін рульге отырмау – өзіңнің де, өзгелердің де өмірі мен денсаулығын қорғаудың ең сенімді жолы.
Полиция тұрғындарға жолда әрдайым сақ болуды, бір-біріне қамқорлықпен қарауды және қауіпсіздікті бірінші орынға қоюды ескертеді. Жолдағы әрбір сақтық шарасы – адам өмірін қорғаудың кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1182415?lang=kk

Жауап қалдыру