
Кездесу барысында ата-аналарға интернет желісінде кәмелетке толмағандар тап болуы мүмкін негізгі қауіптер түсіндірілді. Атап айтқанда, жасөспірімдердің деструктивті және радикалды интернет-қоғамдастықтарға тартылу қаупі туралы айтылды. Сонымен қатар балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, зиянды интернет-контенттің ықпал ету белгілері және ата-аналардың уақытылы назар аударуының маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара барысында ата-аналарға балалардың интернеттегі қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың интернеттегі белсенділігін бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1182187?lang=kk

Жауап қалдыру