
15 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күй өнерінің шебері, тоқсанды алқымдаған Сержан Шәкірат жұбайы Роза Сағымбаевамен бірге №247 референдум учаскесінің жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы өз таңдауын жасады. Өнер иесі ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, азаматтық белсенділік танытты.
Күйші дауыс беру – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай маңызды саяси науқандар қоғамның бірлігі мен ел дамуына бағытталған ортақ мақсаттарды айқындауға мүмкіндік береді.
– Әр азамат елдің ертеңіне бейжай қарамауы керек. Осындай маңызды сәттерде өз таңдауымызды жасап, ортақ болашақ үшін үлес қосу – баршамыздың азаматтық парызымыз», – деді Сержан Шәкірат.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1182556?lang=kk

Жауап қалдыру