Нұркен Кобжанов Өңірлік коалиция мүшелеріне белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының басшысы Нұркен Кобжанов республикалық референдумды дайындау және өткізу аясында қоғамдық-саяси жұмысқа белсенді қатысқаны үшін коалиция мүшелеріне, белсенді жастар мен еріктілерге алғысын білдірді.

2026 жылғы 15 наурызда мемлекеттің саяси жаңғыруы мен одан әрі дамуының маңызды кезеңіне айналған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтті.

Қарағанды облысы жаңа Ата Заң жобасын ашық және жалпыхалықтық талқылауға арналған алғашқы өңірлік алаңдардың біріне айналды. Облыстық бастама алты саяси партия мен 50-ден астам қоғамдық ұйымды біріктірді. Коалицияның қызметі азаматтармен ашық және сындарлы диалог форматында құрылды, бұл ауқымды қоғамдық талқылауды қамтамасыз етуге және халықтың пікірі мен ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік берді.

Осы жұмыс аясында облыстық, қалалық және аудандық коалициялардың 387 мүшесі халықпен – еңбек ұжымдарымен, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнеркәсіп және тау-кен өнеркәсібі, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, зиялы қауым және жастармен ауқымды кездесулер өткізді. Талқылаулар сарапшылар қауымдастығымен және қоғамдық көшбасшылармен кездесулер, сондай-ақ облыстың барлық қалалары мен аудандарындағы ашық қоғамдық пікірталас сияқты түрлі форматтарда өтті.

438 ерікті жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы халықты ақпараттандыруға белсенді қатысып, айтарлықтай қолдау көрсетті.

Облыс бойынша Өңірлік коалиция мүшелері жалпы саны 624 515 адамды қамти отырып, ұсынылып отырған конституциялық реформалардың мәнін түсіндіруге бағытталған 1517 іс-шара өткізді.

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов: «Коалицияның барлық мүшелеріне – облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарына, саяси партиялар филиалдарының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақтардың басшыларына, сондай-ақ белсенді жастар мен еріктілерге – мемлекет үшін аса маңызды қоғамдық-саяси оқиғаны іске асыруға белсенді қатысып, елеулі үлес қосқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», – деп атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1182072?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді