«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ негізгі даму институттарымен — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Qazpatent» Зияткерлік меншік ұлттық институты, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК,
сондай-ақ «Атамекен» ҰКП қолдауымен кәсіпкерлерді, оның ішінде жұмыс істеп жүрген және әлеуетті экспорттаушыларды бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.
Семинар бағдарламасында:
- Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған өзекті қаржыландыру бағдарламалары
• Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда баламалы шешімдер
• Экспорттық мәмілелер кезіндегі тәуекелдерді азайту
• Шетел нарықтарында сенімді сатып алушыларды іздеу
• Бизнес үшін тауар белгісін тіркеудің артықшылықтары
• Өндіріс шығындарын ішінара өтеу
• Қай жерден тегін кеңес пен қолдау алуға болады?
Сондай-ақ бизнесіңізді дамытуға арналған көптеген пайдалы ақпарат ұсынылады.
Семинарларға қатысу тегін және тек тіркелген қатысушылар үшін қолжетімді.
Тіркелу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, кәсіпорныңыз орналасқан өңір мен күнді таңдауыңыз қажет:
https://forms.gle/3LBX336RELhnA6mg8
Шығыс Қазақстан облысы үшін семинар өткізу уақыты – 2026 жылғы 28 мамыр (басталу уақыты – 11:00)
Семинарға арналған ZOOM сілтемесі тіркелген қатысушыларға семинардан бір күн бұрын тіркеу кезінде көрсетілген e-mail және WhatsApp нөміріне жіберіледі.
Семинарлар бойынша сұрақтар туындаған жағдайда «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ бизнес-тренері Шарбану Байгошкароваға хабарласуға болады:
📞 +7 707 396 67 87
📧 sh.baigoshkarova@kazakhexport.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/press/news/details/1182412?lang=kk

Жауап қалдыру