
Лудомания – бұл құмар ойындарға тәуелділік. Мұндай тәуелділік адамның психологиялық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Құмар ойындарға тәуелді адам уақыт өте келе ойыннан бас тарта алмай, ақшасын жоғалтып, қарызға батуы мүмкін. Сонымен қатар жақындарымен қарым-қатынасы нашарлап, түрлі әлеуметтік мәселелер туындауы ықтимал.
Лудоманияның негізгі белгілері:
-
құмар ойындарға жиі ақша жұмсау
-
ұтылған ақшаны қайтару мақсатында қайта-қайта ойнау
-
ойын туралы үнемі ойлау
-
қаржылық қиындықтарға қарамастан ойынды тоқтатпау
-
жақындарынан ойын ойнағанын жасыру
Лудоманияның алдын алу үшін:
-
бос уақытты пайдалы істерге арнау
-
спортпен айналысу
-
отбасы және достармен көбірек уақыт өткізу
-
құмар ойындардан аулақ болу
Есіңізде болсын:
Лудомания – бұл жай ойын емес, адамның өміріне зиян келтіретін қауіпті тәуелділік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1182344?lang=kk

Жауап қалдыру