Шаңғымен тұғырдан секіруден қос отандасымыз Польшада жүлдеге ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан «Orlen Cup» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды.

HS-70 трамплинінде бақ сынаған Қазақстан құрамасының өкілі Керейхан Қабдулла үздік нәтиже көрсетіп, барлығы 251,5 ұпай жинап, 1-орынды иеленді. Сондай-ақ Александр Филоненко 249,6 ұпаймен 3-орыннан көрінді. Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (242,3 ұпай) бұйырды.

Айта кетейік, аталған бәсекеге бұл сында әр мемлекеттен 40-қа жуық спортшы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1182576?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді