
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметкерлеріне 16 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Наркабулов Нурлан Аманбекович сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді болдырмау, жолын кесу болып табылады.
Семинарда мынадай өзекті мәселелер қаралды: сыбайлас жемқорлық және оның мемлекет пен қоғам үшін салдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралары және т.б.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1182487?lang=kk

Жауап қалдыру