📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🌾⛽ Шардара ауданының шаруаларына ақпарат!
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бекіткен кестесіне сәйкес, Шардара ауданына 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына арналған жанар-жағармай бөлінді.
Атап айтқанда:
🔹 «KZ Мұнай-2» ЖШС арқылы ақпан–маусым айлары аралығында 2305,0 тонна
🔹 ЖК «Баязерова» арқылы 325 тонна жанар-жағармай қарастырылған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бекітілген калькуляциясына сәйкес, ақпан–маусым айлары аралығында жанар-жағармайдың орташа сату бағасы 1 литрі – 281,0 теңге болып белгіленді.
⚠️ ЕСКЕРТУ:
Бөлінген жанар-жағармай «gosagro.kz» ақпараттық жүйесі арқылы электронды-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінім берген шаруаларға ғана қолжетімді болады.
Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1183032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді