🔰 КЕЛЕС: ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДАН САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Түркістан облысы аумағында қызметкерлерді еңбек қызметін атқару барысында орын алуы мүмкін жазатайым жағдайлардан қорғау мақсатында міндетті сақтандыру шарттарын жасасу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
 
🔹 Осыған байланысты бүгін Департаментпен бекітілген Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кездесу Келес ауданында да өткізілді.
 
🔹 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс берушілер қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Бұл талап қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ еңбек барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді азайтуға бағытталған.
 
🔹 Келес ауданында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен бақылау шараларының нәтижесінде жұмыс берушілер арасында сақтандыру шарттарын уақтылы жасасу деңгейі артып келеді. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 
🔹Аталмыш кездесуге Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Келес ауданы әкімі аппараты басшысының м.у.а. Ибраимов Ерлан Жақсылықұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Келес ауданына қарасты кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің бөлім басшысы Ғалымжан Сейдуәліұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1183351?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді