17 наурыз — Шаңырақ күніне арналған іс-шара өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 наурыз — Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілетін Шаңырақ күні. Аталған күн отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақ тәрбиесін насихаттауға және шаңырақтың берекесі мен бірлігін нығайтуға бағытталған.

Осыған орай «Шаңырағым — шаттығым» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Хибатхан Қуаныш және Бұқабаевтар отбасы арнайы қонақ ретінде қатысып, отбасы тәрбиесі, сыйластық пен бірлік туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ сабақтастығы кеңінен сөз болып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Іс-шара жылы әрі мазмұнды жағдайда өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1182962?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді