Абайлаңыз жұқа мұз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөк ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды көктемгі кезеңде мұзға шығудың аса қауіпті екендігі туралы ескертеді.

Күннің жылынуына байланысты су айдындарындағы мұз жамылғысы қарқынды түрде еріп, өзінің беріктігін жоғалтады. Көктемгі мұз борпылдақ, кеуекті және өте сенімсіз болады, сырт көзге берік болып көрінгенімен, адам салмағын көтере алмайды. Осы кезеңде мұз ойылып кету қаупі айтарлықтай артады, бұл ауыр зардаптарға, тіпті адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Әсіресе жағалау маңындағы, көпірлердің жанындағы, ағыс бар жерлер мен еріген қар сулары құятын аумақтар өте қауіпті. Күн сәулесінің әсерінен және ауа температурасының жоғарылауынан мұздың құрылымы әлсіреп, оның беріктігі төмендейді.

Төтенше жағдайлар бөлімі қатаң түрде кеңес береді:

  • көктем мезгілінде мұзға шықпауға;
  • су айдындары арқылы жолды қысқартпауға;
  • балаларды мұз үстіне ересектердің қарауынсыз жібермеуге;
  • қараюы байқалған, борпылдақ немесе үстін су басқан мұздан аулақ болуға.

Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары! Көктемгі мұздың аса қауіпті екенін ұмытпаңыздар. Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қатерге тікпеңіздер.

Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-zhaisan/press/news/details/1183227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді