
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары «SCAT» әуе компаниясының қызметкерлері үшін
«Оба. Әуе кемесінің бортында карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдік туындаған жағдайда мамандардың іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара қызметкерлердің аурумен байланысты қауіптер туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында қызметкерлер инфекциядан қорғану әдістері, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда сақталуы тиіс шаралар туралы ақпарат алды. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жұқпалы аурулардың таралу қаупін азайту және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1183502?lang=kk

Жауап қалдыру