
Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Қашықтан XXXVIІІ Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы және 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған математикадан XXV Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті.
Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық ғылыми және білім беру байланыстарын дамыту мақсатында өткізіледі.
Ақмола облысынан келесі оқушылар қатысты:
1.Есиркесинов Фараби – Ақмола облысы білім басқармасының “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
2.Жақсылық Алдияр – Щучинск қаласының “Білім-инновация” IT лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
XXXVIІІ Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен Жақсылық Алдияр марапатталды.
Құттықтаймыз!!!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1183186?lang=kk

Жауап қалдыру