Ақтөбедегі 24 сағаттық жыр марафоны әлемдік рекордтар кітабына енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» атты 24 сағаттық жыр марафоны әлемдік рекордтар кітабына енгізілді.

Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған бірегей жобада жыршылар бір тәулік бойы үзіліссіз жыр толғап, қазақтың батырлық эпостары мен жыраулар мұрасын орындады. Ұлттық өнерді ұлықтаған шара барысында халық дастандары, термелер мен халық композиторларының шығармалары үздіксіз шырқалды.

Ауқымды мәдени бастама жыршылық дәстүрдің өміршеңдігін көрсетіп қана қоймай, қазақтың рухани мұрасын халықаралық деңгейде танытқан маңызды оқиғаға айналды.

Ақтөбе төрінде өткен тағылымды жыр кеші ұлттық мәдениеттің мәртебесін арттырып, дәстүрлі өнердің құндылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1183553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді