АУДАН ӘКІМІ КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып, жауапты сала басшылары тиісті баяндамаларын жасады.
Алғашқы болып аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Абдразақов баяндама жасап, 2026 жылғы 20 наурыз күні «Әуежай алаңында» өтетін «Әз Наурыз – 2026» мерекесін ұйымдастыру жоспарын таныстырды. Оның айтуынша, мереке барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел-жәрдем, өрт сөндіру қызметі және полиция қызметкерлері жұмылдырылады. Сонымен қатар, кең ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері марапатталмақ.
Мәжілісте аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Тоқтаров сөз алып, Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілетін ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға тоқталды. Сондай-ақ, «Наурызнама» аясында әр күнге жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысын баяндады.
Аудан басшысы жауапты бөлім басшыларына Наурыз мерекесін жоғары деңгейде, халықтың көңілінен шығатындай етіп ұйымдастыруды нақты тапсырды.
Келесі мәселе бойынша Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Ерболат Құдайбергенов баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге кеңінен тоқталды. Ол 2025 жылы ауылды көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар ауыл шаруашылығы саласында атқарылған істерді атап өтті. Сонымен бірге әлеуметтік сала, жастар мен спорт бағытындағы жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларын жеткізді.
Аудан әкімі Арман Романұлы ауыл әкіміне заманауи агротехнологияларды енгізу, әсіресе тамшылатып суару тәсілін кеңінен қолдану және шегірткеге қарсы күрес шараларын жүйелі түрде күшейту қажеттігін қадап айтты.
Мәжіліс барысында сондай-ақ Тама ауыз су құбырының құрылысы, шағын өндірістік аймақты дамыту, қаланың ішкі су жүйелерін жаңғырту, Қалғансыр ауылына баратын жол құрылысы, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары, Сүткент ауылдық округіндегі спорт кешенінің құрылысы, сондай-ақ аудан бойынша тамшылатып суару жүйесін енгізу, жүгері мен күріш дақылдарын егу мәселелері бойынша жауапты сала мамандарының есептері тыңдалды.
Жиын соңында аудан әкімі Арман Қарсыбаев барлық көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды жүктеді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1183038?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді