
AMANAT партиясы Байзақ аудандық филиалы партия жақтастарымен бірге Байзақ аудандық мемлекеттік мұрағатының ұжымымен қабылданған жаңа Конституцияға байланысты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында қабылданған жаңа Конституцияның еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтудегі, әділетті қоғам қалыптастырудағы маңызы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, конституциялық реформалардың ел дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі туралы пікір алмасу болды.
Жиын еркін форматта өтіп, мұрағат қызметкерлері өз ойларын білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Қатысушылар жаңа Конституция ел болашағы үшін маңызды құжат екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1183172?lang=kk

Жауап қалдыру