Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Наурызнама» онкүндігі аясында 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні қазақ халқының мәдениетін, өнерін және ұлттық құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Музейге бару барысында қызметкерлер өңірдің бай мәдени мұрасын айқындайтын тарихи жәдігерлермен, сондай-ақ ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысты.
Облыстық тарихи-өлкетану музейдің 86 жылдық тарихы бар және 70 мыңнан астам экспонаттар сақталған. Сонымен қатар экспозициялар LED-экрандар, голограммалар, TOUCH-панельдер, SMART-витриналар, бейнепроекциялар, интерактивті инсталляциялар, 3D-турлар және жасанды интеллект элементтері арқылы ұсынылған заманауи зал жұмыс істейді.
Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыруға, тарихи сананы сақтауға және патриоттық тәрбиені беруге дәріптейді.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1183534?lang=kk

Жауап қалдыру