Дебюттік қысқаметражды көркем фильмдер конкурсының жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы дебюттік қысқаметражды көркем фильмдер конкурсының қорытындысын шығарды.

Байқау нәтижесі бойынша өндіріс кезеңіне жіберу үшін екі жоба іріктелді:

– «Дом» – сценарий авторы әрі режиссері Тимур Хосчанов;

– «Күн қайдан шығады?» – сценарий авторы әрі режиссері Айша Сәлімгереева.

Аталмыш байқау жас авторларды қолдауға және отандық кинематографиядағы жаңа есімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Осындай бастамалар жас режиссерлерге өздерін танытуға, жеке көркемдік көзқарасын көрсетуге және үлкен кәсіби жолға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1182944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді