
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы М.А.Шалбосуновпен, Алматы облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қатысуымен «Географиялық нұсқама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар географиялық нұсқамалар бар өнімдерді дамыту және танымал ету мәселелерін, сондай-ақ жергілікті өндірушілерді қолдау шараларын талқылады.
Айрықша назар өңірлік брендтердің танымалдығын арттыруға және оларды ішкі әрі сыртқы нарықтарға ілгерілетуге аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1183327?lang=kk

Жауап қалдыру