
«EcoSenbilik»
2026 жылы 17 наурыз күні Тиірмен ауылының әдіскер-нұсқаушысы Г.Абдримованың ұйымдастыруымен және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен «EcoSenbilik» атты сенбілік өтті.
Таза қоршаған орта – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осы мақсатта ұйымдастырылған «EcoSenbilik» баршаңызды табиғатты аялауға шақырады.
Бұл шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны тазарту, қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сананы арттыру. Сенбілік барысында біз орталық көшелерді тазалап табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді іс жүзінде көрсеттік.
«EcoSenbilikке» қатыса отырып, сіз өз ауылыңыздың көркеюіне үлес қосасыз және келер ұрпаққа үлгі боласыз.
Бірге табиғатты қорғайық! 🌍
https://www.instagram.com/reel/DV-bVgGDZI7/?igsh=NmtndjQ4dXplcnU5

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-tiirmen/press/news/details/1183332?lang=kk

Жауап қалдыру