Кезекті ХХХІХ сессия отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІХ сессиясы өтті!
Күн тәртібінде ауданның дамуымен байланысты маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
Аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есебі.
Бударин ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есебі.
Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №38-2 «2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беру мәселелері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу.
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы мәселелері қаралды.
Депутаттар ұсыныстар мен тапсырмалар беріп, әрбір мәселеге қатысты талқылаулар жүргізді.
Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akzhaik-maslihat/press/news/details/1183112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді