«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы неге қауіпті?» тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары 2026 жылдың 11 наурызында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Ақтөбе» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының қызметкерлері арасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы неге қауіпті?» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар барысында қатысушыларға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді. Атап айтқанда, табиғат аясына шыққанда дененің ашық жерлерін барынша жабу, кене жабысуын болдырмау, сондай-ақ малды күту кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар аурудың белгілері, жұғу жолдары, табиғи ошақтары және инфекцияның негізгі тасымалдаушылары болып табылатын иксод кенелері туралы мәліметтер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1183507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді