
Аутсорсинг – білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып, тамақтану жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектісімен тағамдарды дайындауы мен дайын тағамдарды өткізуін көздейтін оқушыларды/тәрбиеленушілерді тамақтандыруды ұйымдастыру тәсілі (бұдан әрі – тамақтанудың көрсетілетін қызметтерінің өнім берушісі).
Кейтеринг – білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын пайдаланбай тамақтану бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектісінің дайын тағамдарды дайындауды, жеткізуді және өткізуді көздейтін ас блогы жоқ білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру тәсілі.
Кейтеринг (кейтерингтік қызмет көрсету) – бұл қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі, яғни қоғамдық тамақтану қызметтерін қоғамдық тамақтану нысанынан тыс, тапсырыс беруші ұйымдар мен жеке тұлғалар таңдаған орындарда көрсету. Кейтерингке әртүрлі іс-шараларды көшпелі түрде қамтамасыз ету, қоғамдық тамақтану объектілерінің дайын аспаздық өнімдерін бөлшек сауда арқылы сату, сондай-ақ тамақтануды ұйымдастыру бойынша мердігерлік қызметтер көрсететін барлық объектілер мен қызметтерді тарту кіреді.Оған мыналар жатады: тағам дайындау және оны тапсырыс орнына дейін жеткізу, тағамдарды жылыту, қонақтарды күтіп алу және қызмет көрсету, дастарханды безендіру және жабдықтау, сусындарды құю және ұсыну, ыдыстарды, үй-жайларды және аумақты тазалау сияқты қызметтерді атқаратын көшпелі қызмет көрсету персоналының жұмысы және соған ұқсас басқа да қызмет түрлері.
Мектеп ас үй жабдықтарын сатып алуға, аспазшыларды жалдап, оқытуға қаражат жұмсамайды.
Әкімшілік басты назарды білім беру міндеттеріне аударады.
Тамақтану саласына маманданған компанияларда қажетті тәжірибе, технология және білікті мамандар штаты бар.
Сапаны бақылау және санитариялық талаптарды сақтау жүйесін құру қажет.
Кейтеринг шалғайдағы немесе шағын жинақты мектептерді де қамтуға мүмкіндік береді.
Тиімді аутсорсинг/кейтеринг шарттары
Белгіленген стандарттар, шарттар және бақылау тетіктері бар нақты келісімшарт.
Сапаны үнемі тексеру және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы.
Балалармен, ата-аналармен және әкімшілікпен кері байланыс жүйесі құру.
Диетологтың қатысуы және балалардың қажеттіліктерін ескере отырып ас мәзірін бекіту.
Түйіндей келе, мектептерде кәсіби аутсорсинг пен тамақтандыру үлгісіне көшу – бұл жай ғана процестерді оңтайландыру емес, сонымен қатар сапа мен қазіргі заманнауилықты таңдаудың стратегиялық жолы. Алайда, бұл жүйенің шынайы жетістігіне санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды міндетті түрде сақтау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сатып алудан бастап дайын тағамға дейін әр кезеңде мөлдір және безасыз бақылау балалардың денсаулығын қорғаудың сенімді механизмін қамтамасыз етеді.
Балалардың қауіпсіз тамақтануына санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету – бұл әр балаға қамқорлық жасау ұлттың басты басымдығына айналатын гүлденген болашақтың негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1183441?lang=kk

Жауап қалдыру