Наурыз мерекесінде Қазақстандық әуе компаниялар 160 қосымша рейс орындайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз айындағы мерекелік күндер қарсаңында Қазақстанның әуе компаниялары ішкі рейстер санын көбейтіп жатыр. Air Astana және FlyArystan 2026 жылғы 16–29 наурыз аралығында ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс ұйымдастырады. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі.

Сонымен қатар, Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейстер жоспарланған.

SCAT әуе компаниясы өз кезегінде 19–21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс, сондай-ақ Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс ашады. Сонымен қатар, 23–26 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша тағы 4 рейс, сондай-ақ Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттары бойынша бір-бірден рейс қосылады.

Қосымша рейстердің ашылуы ел ішінде қатынауды жеңілдетіп, азаматтардың мереке күнгі сапарларын жоспарлауына мүмкіндік береді.

Жолаушыларға әуе компанияларының ресми сайттарынан қосымша рейстер туралы ақпаратты алдын ала тексеріп, билеттерді ертерек рәсімдеу ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1182639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді