Наурызнама-2026: Қарағанды облысында жас домбырашылар байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызнама онкүндігі аясында Қарағанды облысы Нұра ауданының Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Домбыра-дастан» атты домбырашылар байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, домбыра тарту дәстүрін сақтау және дамыту, сондай-ақ дарынды жастарды қолдау, өскелең ұрпақтың мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.

Байқауға ауданның ауылдық елді мекендерінен келген оқушылар қатысты. Жас дарындар орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, сахналық мәдениетін сақтап, ұлттық музыканы тереңдігін түсіндіре білді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік орындаушылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1183287?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді