Наурызнама: Елордада ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдік қойылым өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 наурыз күні сағат 11:00-де Астана қаласы маңындағы “Арғымақ” ат спорт және ұлттық спорт түрлері клубы аумағында Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күніне арналған ұлттық және ат спорты түрлерінен көрсетілімдік қойылым өтеді.

Іс-шара барысында көрермендер Қыз қуу, Аударыспақ, Көкпар және Теңге ілу сияқты ұлттық ойындарды тамашалай алады. Сонымен қатар қазақы Тазы иттерінің және қыран құстардың көрмесі ұйымдастырылады. Атап айтқанда, дәстүрлі аңшылықта пайдаланылатын қыран құстар — Бүркіт, Ителгі және Қаршыға таныстырылады.

Еске сала кетейік, Ұлттық спорт күні Қазақстанда алғаш рет 2024 жылы аталып өтті. Бұл мереке ұлттық ойындарды насихаттауға, дәстүрлі мәдениетті дәріптеуге және жастарды спортқа тартуға бағытталған.

Ұлттық спорт түрлерінен өтетін бұл көрсетілімдерді көрермендер тегін тамашалай алады. Сонымен қатар, “Арғымақ” ат спорты және ұлттық спорт түрлері клубы аумағына №10, №302, №303 және №308 бағыттарындағы автобустар қатынайды.

Айта кетейік, Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған көрсетілімдік қойылым Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан өткізіледі.

 

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпарат:

Байланыс тұлғасы — Тукенов Адильхан Жеңісұлы

Тел.: +7 777 620 4766

+7 707 860 92 60

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1183458?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді