
Орал қаласында Полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тұрғын үйдің жертөле бөлмесінен жасалған ұрлықты ашты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, түнгі уақытта белгісіз адам құлыптың ілмегін бұзып, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесіне кірген. Ол жерден дәнекерлеу аппараты және басқа да құрылыс материалдары ұрланған.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ер адам анықталып, ұсталды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1183016?lang=kk

Жауап қалдыру