2026 жылдың 16 наурызында психологиялық орталықтың директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәрбие психологтары, мектептің әлеуметтік педагогтарымен семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында оқушылар арасында анықталған жағдайлар бойынша жауап беру тәртібі түсіндірілді. Мамандар балаларға психологиялық қолдау көрсету және ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті.
Мұндай кездесулер мамандардың біліктілігін арттыруға, білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыстарды күшейтуге септігін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1182937?lang=kk

Жауап қалдыру