Қазақстан мен ЕО: Энергетикалық қауіпсіздік, энергияға көшу және трансұлттық энергетикалық жобалар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша «Қазақстан – Еуропалық Одақ» кіші комитетінің 9-шы отырысы өтті. Қазақстан тарапынан отырысқа ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, ал ЕО тарапынан Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Орталық Азия бөлімінің басшысы Дитмар Крисслер тең төрағалық етті.

Кездесу барысында тараптар энергетика секторындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады.
Отырысты ашқан Санжар Жаркешов Қазақстанның Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестігі жаһандық энергетикалық диалогты дамытуда және тараптар арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Жиында шикізаттың, аккумуляторлардың және жаңартылатын сутегінің тұрақты құн тізбегін құру саласындағы стратегиялық серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан жаңартылатын энергетиканы белсенді дамытып келеді және 2030 жылға қарай ЖЭК үлесін 15%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тараптар Орталық Азиядағы энергия жүйелерінің өңірлік өзара байланысын және электр энергиясы саудасын дамытуды, газ инфрақұрылымы саласындағы ықпалдастықты және Қазақстанның өңірлік энергетикалық жобаларға, соның ішінде Қамбар ата-1 ГЭС-ін салу жөніндегі «Өзбекстан – Қазақстан – Қырғызстан» консорциумына қатысуын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Энергетика министрлігінің Еуропалық Одақпен бірлескен энергетикалық жобаларды іске асыруда белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығы расталды. Қабылданған шешімдер екіжақты энергетикалық іс-қимылға қосымша серпін беретіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1183481?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді